Жарияланды: 90

400 ерікті полициямен бірге жоғалғып кеткен 1,5 жастағы сәбиді іздестіруде

400 ерікті полициямен бірге жоғалғып кеткен 1,5 жастағы сәбиді іздестіруде

Бүгін таңғы 6.30-дан бастап сәбиді іздестіруге 400 ерікті, ұлттық ұланның 50 жауынгері, 100-ден астам полицей жұмылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұлдыз» ықшам ауданында жоғалған баланы іздестіру жалғасуда. Бүгін таңертең іздеу жұмыстарына қала және қала маңындағы ауыл тұрғындары мен 400 ерікті қосылды. Ұлттық ұланның 50 жауынгері, 100-ден астам полиция қызметкері, 20-дан астам техника, сонымен қатар ТЖД 4 техникасы, 16 қызметкері және екі қызметтік ит жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жұлдыз ықшам ауданындағы 50-ден астам көше тексеріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына кешелі бері полиция дрон қолдануда. Бұдан басқа, полиция департаменті баланы іздестіру бойынша бірқатар жедел іс-шаралар жүргізуде, - деп хабарлайды полиция департаменті.

Естеріңізге салсақ, кеше Жұлдыз ықшамауданында жоғалып кеткен жас жарымдағы баланы іздеу жұмыстары басталған еді. Сол жерде қазір полиция жұмыс жасап, сонымен қатар қала мен қала маңындағы жанашыр тұрғындар және еріктілер де жиналды.

Еріктілердің бірі Олжас Сұлтановтың айтуынша, көршінің үйінде орнатылған камерадан баланың аулада жүргені, сосын шығып келе жатқаны анық көрінеді. Сәбидің анасы бірер минутқа үйге кіріп кеткенде, бала аулада болған дейді Олжас. Шықса, бала жоқ. Мазасызданып, оны жан-жақтан іздеп кетеді.

Дрон қолданылып, үйлердің ауласын тексеріп, септик, құдық, қоқыс жәшіктері – бәрін қарап шыққан. Бірақ тапқан жоқ. Әлі де іздеп жатыр.

Кеше сәбиді іздестіруге Жұлдыз ықшамауданының 150-ден астам  тұрғыны, 50 шақты еріктілер мен 20 әскерилер кіріскен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін