Жарияланды: 5400

"40-тан аса пышақ сұққан": Алматыда оқушы қызды туған әкесі асқан жауыздықпен өлтірген (ВИДЕО)

"40-тан аса пышақ сұққан": Алматыда оқушы қызды туған әкесі асқан жауыздықпен өлтірген (ВИДЕО)

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқитын оқушы қыз әкесінің қолынан қайтыс болды.

Бұл туралы «НеМолчиКZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Тансари желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Бізге Алматыда әкесі екі баласын қан жоса қылып пышақтағаны жайлы мәлімет келіп түсті. Оны әйеліне деген өшпенділікпен жасаған. Алматыдағы мектепте оқитын оқушылардың ата-аналарының айтуынша қызға 40-тан астам пышақ сұғылған. Ол қайтыс болды»,- деді Дина Тансари бейнеүндеуде.

Сондай-ақ қор жетекшісі оқиғаның мән жайы жайлы айтып, ел президентіне арнайы Үндеу жасады.

«Кеше Алматыдағы 68-ші гимназияның 4-сынып оқушысы қайтыс болды! Оның інісі ауыр жарақат алған. Балалардың әкесі нашақор болған, анасымен бірге тұрмаған. Анасы балалардың қауіпсіздігін ойлап оған есік ашуға тыйым салған. Ол қызын мектептен алып, үйіне әкеліп, сырттан жауып, өз жұмысқа кеткен. Бірақ әкесі келіп, есікті ашуға көндіреді. Бала әкесіне бас тарта алмай, ақыры жан түршігерлік өліммен көз жұмды. Ағасы мектептен қайтып келгенде, бұл сұмдықтың бәрін көрген, әкесі оған да шабуыл жасады, бірақ ұл бала оған қарсы тұра алды. Қазір ол ауруханада»,- деп жазды қоғам жетекшісі Дина Исмаилова

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін