44 жастағы әйелге жараса ма? Желі қолданушылары Баян Алагөзованың биін талқылап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
44 жастағы әйелге жараса ма? Желі қолданушылары Баян Алагөзованың биін талқылап жатыр

44 жастағы әйелге жараса ма? Желі қолданушылары Баян Алагөзованың биін талқылап жатыр

Танымал продюсер Баян Алагөзова сауықты кештің бірінде алдына жан салмай биледі.

  • 14 Мамыр 2018
  • 3907
Фото - Caravan.kz

Ортаға шығып, жердің шаңын шығарған Баянның осынау видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жүр.

Желі қолданушыларының көбі 44 жастағы Баян Алагөзованы сынап тастады. Бірі жасына лайықты емес десе, өзгелері билей алмайды екен десіп жатыр. Десе де, әншінің өзі бұған дейінгі жазбаларының бірінде өзін әлі жас сезінетінін айтқан болатын.

Айта кетсек, продюсер Баян Алагөзова осыдан екі жыл бұрын өлім аузынан аман қалғаннан бері өзін барынша көңілді ұстауға тырысады. Оны бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев өзінің көзіне шөп салғаны үшін пышақтап тастаған болатын. Кейіннен танымал продюсер Турсен Алагөзовке тұрмысқа шықты.

 

 

Соңғы жаңалықтар