Оқиға 28 қазан күні Қостанайдағы Ворошилов көшесінде орналасқан үйде болған. Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
Облыстық мекеменің мәліметтері бойынша, 56 жастағы әйел өзін-өзі өлтіруге бел буған, деп жазды alau.kz.
«Бұл оқиға шамамен 15:00-де болды. Әйел 4-қабаттан секіріп кетті. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ол суицид жасады», — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Бас дәрігер Самат Шүменбаевтың айтуынша, әйелдің аяқ-қолы сынған, бас миына зақым келген, травматикалық шок алған және іші жараланған.
«Әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді, бірақ көп ұзамай көз жұмды», — деді аурухананың бас дәрігері.