Жарияланды: 70

5 ай бұрын 81 миллионға жөнделген мектеп жарамсыз болып қалды

5 ай бұрын 81 миллионға жөнделген мектеп жарамсыз болып қалды Сурет - Матрица.kz

Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылының оқушылары қыстың көзі қырауда далады қалды.

Себебі 105 оқушыға арналған білім ордасы қабырғаларын көк басып, ішін қолқаны қабатын иіс жайлап алған. Осының салдарынан оқушы мен мұғалім атаулы жағымсыз иіске тұншығып, шетінен көксау болыпты. Бір қызығы аталған мектепке күрделі жөндеу осыдан 5 ай бұрын ғана жасалған екен.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бюджеттің 81 миллион теңгесін сарп етіп жүргізілген жөндеудің сиқы көңіл көншітпей отыр. Ал бірнеше күн сабақтарынан қалған мектеп оқушылары енді көрші ауылға қатынауға мәжбүр.

- Камера арқылы иісті жеткізу мүмкін емес. Бірақ мына көктің иісінен бас айналып, көз қарауытады. Байғұс балалар осындай жағдайда 4 ай тапжылмай отырып келген. Тіпті оқушыларды былай қойғанда мұғілімдердің алды көксау боп құлап жатқанда ғана ел-жұрт дабыл қаға бастапты.

Мектеп ұжымы мен ата аналар қосылып еденді көтергенде шалқамыздан түсе жаздадық дейді. Әбден дендеген зең төселген қалың ағаш пен линолеумді де  жеп тастаған екен. Есік терезені ашып желдеткеннің өзінде сыныптарда еркін демалу мүмкін емес. Бюдджеттің миллиондарын сарп етіп жасаған жөндеу жұмыстарының сиқы елді түңілтіп отыр. 

Жанат Дүйсенбаева Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Миллиондар қайда кетті? Ақша алдың ба, енді істесеңдерші адам сияқты. Халық міне ренжіп отыр. Балалармыз ауырып жатыр. Ертең төрт бес жылдан кейін өкпесі ауырып шықса, өздерің кінәлісіңдер дейді.

Бұл мектеп 2015 жылдың көктемінде топан судың астында қалған. Содан бері қабырғасын зең басып, төбесі де опырылып, көресіні әбден көрген. Жұрт пен мектеп ұжымы ұлардай шулап жүріп, күрделі жөндеуге ақша бөлінген-ді. 2018 жылдың жазында бюджет берген 81 миллион теңге игерілді деп, мердігер жұмысынан мін көрмеген шенділер мектепті қабылдаған.

Айдар Оспанов, Бұқар жырау аудандық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Ылғал немесе су білінген жоқ. Кепілдік бар 7 жылға, 7 жылға дейін кетіретін шығар, қайда барады олар? Бәрібір балалар оқитын жағдайға жеткіземіз. Сот бар, заң бар. 81 миллионға жөнделді бұл мектеп, басқа жерінен енді ақау жоқ. Ал енді өз ақшасын алды ма , мердігер өзі жөндеп береді.

Дегенмен мердігердің төбесі әзірге бұл жерден көрінбейді. Көгерген едендерді жергілікті жұрттың өзі сыртқа шығарып жүр. Ал неше жылдан бері көрші ауылға қатынап оқып келген ауыл баллалары тағы сол үйреншікті істеріне көшті. Жұрттың айтуынша, ауылда кеңес кезінен салынып бітпеген жаңа мектеп ғимараты бар. Бюджеттің миллондарын осыған салса несі кетер деді деп налиды олар. Бірақ шенділердің мәліметінше бұл ғимарат 2017 жылы жеке кәсіпкерге күлкілі сома – 2 жарым миллион теңгеге сатылып кеткен екен. Барды сатып, ескіге қыруар қаржы шашқан биліктегілердің осы әрекеті-ақ ауылдағылардың ашуын туғызып отыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін