5 жасында ана атанған перулік бүлдіршін туралы не білеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 жасында ана атанған перулік бүлдіршін туралы не білеміз

5 жасында ана атанған перулік бүлдіршін туралы не білеміз

Перулік Медина Линна 5 жасында ана атанып, әлем тарихында ең жас ана ретінде есте қалды.

  • 21 Ақпан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz


Осы орайда Caravan.kz жас қыздың таңқаларлық өмірінен қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Kyn.kz басылымының хабарлауынша, 1939 жылы 14 мамырда Медина Линна 5 жасында ана атанған. Осылайша ол салмағы 2700 гр дені сау баланы дүниеге әкелген. Керемет оқиға ресми түрде құжатталған және Линна Медина медицина тарихындағы ең жас ана атанды.

Басылымның хабарлауынша, Линна Медина 1933 жылы Перу ауылында дүниеге келген. Қыз 5 жаста болғанда, іштің өсіп келе жатқан ісігіне алаңдаған ата-анасы оны дәрігерге апарды. Ата-аналар да, дәрігерлер де сараптамалар нәтижелеріне сене алмады. Себебі онда Линна жүктілігінің жетінші айында болған.

Сонымен бірге мақалада 1939 жылы 14 Мамырда Линна Медина ұлды болды. Босанудың табиғи әдісі босанған әйелдің жамбасының кішкентай болуына байланысты мүмкін болмағандықтан, кесар тілігі қолданылғаны айтылады. Ал балаға емдеуші дәрігер -Герардоның есімі берілген екен.

«La Presse Medicale» медициналық журналындағы мақала мәліметтеріне сай, Мединаның жыныстық жетілуі өте ерте жаста болғаны белгілі болды. Ал оның етеккірі 8 айда басталды, 4 жасында сүт бездері дамып, 5 жасында жамбасы кеңейе бастағаны анықталды.

Сонымен бірге Линна ұлын 10 жасқа дейін бауыры ретінде тәрбиеледі. Уақыт өткен соң бар шындықтың беті ашылды. Герардо 40 жасқа дейін өмір сүріп, 1979 жылы сүйек кемігі ауруынан қайтыс болды. Лина Медина 1972 жылы 39 жасында тұрмысқа шығып, екінші рет ана атанды.

Басылым сондай-ақ «көпшілікті мазалаған сұрақтың бірі баланың әкесі кім?» деген сұраққа жауап іздеген. Бұл жағдайдан кейін әкесі қызын зорлады деген айыппен қамауға да алынды, алайда оның күнәсі дәлелденбегендіктен босатылғаны хабарланады. Әр түрлі салт-дәстүрдің құрбаны болды дегенде болжамдар да бар. Бірақ Линна бұл құпияны ашпай, өзімен бірге о дүниеге алып кетті.

Ол 2015 жылы 82 жасында Линна Медина қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар