“5 жыл бойы зорлап келген” Жетім қызға қамқоршы боламын деген ер адам күштеп төсек қатынасына тарқаны рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“5 жыл бойы зорлап келген” Жетім қызға қамқоршы боламын деген ер адам күштеп төсек қатынасына тарқаны рас па

“5 жыл бойы зорлап келген” Жетім қызға қамқоршы боламын деген ер адам күштеп төсек қатынасына тарқаны рас па

Лариса есімді өрімдей қызды жетімдер үйінен соң 55 жасты еңсерген ер адам қамқорлығына аламын деп, жеке шаруашылығына алып келген. Содан бастап 5 жыл бойы төсек қатынасына тартып келген көрінеді.

  • 31 Наурыз 2021
  • 575
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органдардың көмегіне жүгінгенімен істі сотқа дейін жеткізбей жауып тастай берген.

Ларисаның айтуынша:

"Ойына келгенін жасайтын. Мені жас балаша сок алып беремін, шоколад алып беремін деп алдап машинаға мінгізіп алыс жаққа апарып сексуалды қарым-қатынасқа шақыратын. Мен болмайды дейтін едім. Бірақ ол тыңдамай, төрт есікті жауып тастап ойына келгенін жасайтын" — дейді.

Лариса Яшинканың көрген қорлығы мұсылмандықты қабылдаса да тоқтамаған көрінеді.

"Мұсылмандықты қабылдадым. Ораза ұстадым екі жыл. Ораза қалай бітеді , түнде сағат 2-3 те ораза жабылған кезде жылқыдан келеді де бірден тағы да өсекке келіп кіретін.Мен қанша айттым олай жасамаңыз, ұят болады деп. Тыңдайтын ол жоқ" — дейді.

Бұл оқиға Алматы облысы, Панфилов ауданында болған.


Ларисаның қазіргі азаматтық некедегі жолдасы Ерік Найманбаев әйелінің намысын таптаған 55-тегі кісінің жазалануын талап етуде. 

"Мен Ларисамен тұрып жатқаныма 6 ай болды. Ол өте жақсы қыз. Екеуіміз бір жерде жұмыс жасадық. Сол кезде таныстық, маған басынан өткенінің бәрін айтып берді. Оған дейін мен білмегенмін. Ол оңбаған Ларисаға не істегісі келеді, соны істей берген. Екеуіміз үйленіп жыныстық қатынасқа түсетін кезде Ларисада қатты қорқыныш болды. Еркек көрсе қатты қорқа береді." — дейді.

 

Соңғы жаңалықтар