"500 мың теңге мен екі сұйық май ұрлаған": Жетісайда күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"500 мың теңге мен екі сұйық май ұрлаған": Жетісайда күдіктілер ұсталды

"500 мың теңге мен екі сұйық май ұрлаған": Жетісайда күдіктілер ұсталды

Жетісайда азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды.

  • 27 Қаңтар 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның базарда орналасқан азық-түлік дүкеніне ұры түсіп, 500 мың теңге ақшасы мен екі сұйық майды ұрлап кеткен.

Дәл осындай арызбен полицияға тағы 3 бірдей тұрғын шағымданып, дүкендеріне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, кассаларында тұрған ақшаларын жымқырғанын жеткізді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 360 мың теңгені құрады.

Нәтижесінде бейнебақылау камераларынан белгісіз екі жас жігіттің қылмыс жасау кезіндегі көрінісі анықталып, шұғыл іздестіру шарасы барысында жеке басы анықталды. Олар жергілікті тұрғын, жас жігіттер болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті екі жігіт оңай жолмен ақша табу мақсатында ұрлық жасап, жәбірленушілердің ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар