500 үздік, 1000 жас мұғалім ынталандыру сыйлығына ие болады - Бауыржан Байбек
![]() |
Алматыда ұстаздардың тамыз кеңесі өтіп жатыр. |
Тамыз кеңесі жұмысына ҚР премьер- министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Алматы əкімі Бауыржан Байбек, ҚР Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев, білім беру саласының қызметкерлері қатысуда.
Алматы əкімі қаладағы білім беру жүйесін дамытуда оң үрдістер байқалғанын атап өтті.
«Биыл Алматыда білім беру жүйесіне 54, 5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 11%-ға артық. Оның ішінде оқулықтар алуға 2 млрд теңге бағытталды. Биыл Алматының басты тарихи орындарының бірі - Алматы оқушылар сарайы капиталды жөндеуден өтті. Биылдың өзінде мектептердің жанынан 16 балабақшаның құрылысы басталды. Жақында 648 балаға есептелген 2 балабақша пайдалануға беріледі»,- деді қала əкімі Бауыржан Байбек.
Қала басшысы мұғалімдердің бала тəрбиелеудегі маңызды үлесін айта отырып, ұстаздардың біліктілігін жетілдіру жүйесі туралы да тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазір қалада Кембридж университетінің жүйесі бойынша 3 деңгейлі жетілдіру курстарынан 200 мұғалім өткен. Олардың жалақысына сəйкесінше 30, 70, 100 % көлемінде үстемақы қосылды. Сондай-ақ, қала басшысы биыл да мұғалімдерді ынталандыру жалғасатынын жеткізді.
«500 үздік мұғалім мен 1000 жас ұстаз 150 мыңнан 300 мыңға дейін көлемінде ынтаьандыру сыйлығын алатын болады»,- деді ол.
Кеңес резолюциясында 2015-2016 оқу жылында қалалық білім беру жүйесі орындауы тиіс 12 пункттен тұратын тапсырма жарияланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін