"572 миллион теңге қаржы бөлінген": Сәкен Майғазиев халықтың дауына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"572 миллион теңге қаржы бөлінген": Сәкен Майғазиев халықтың дауына жауап берді

"572 миллион теңге қаржы бөлінген": Сәкен Майғазиев халықтың дауына жауап берді

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген МұзАрт тобына биыл 20 жыл толды. Атаулы топ Шымкент қаласында сақтық шараларын ұстана отырып, концерт өткізді.

  • 26 Наурыз 2021
  • 1042
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Шымкент қалалық Мәдениет үйінің басшысы,  МұзАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев инстаграм парақшасында оқырмандарына есеп берді:

"Ассалаумағалайкум, ардақтыларым! Естіп те, көріп те жүрмін.

Бүкіл әлемнің байлығын берем десе де, қасықтап жинаған абыройымды шелектеп төгуге келіспес ем. АЛЛАh — білуші.
Мерекелік мәдени іс-шаралар кеше кешкісін мәресіне жетті. Жұртты жинап алып, жын ойнақ жасағандай көрсетудің қажеті жоқ, жақсылар.
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 19 мекеме атсалысқан 100-ден аса шараға бөлінген қаражатты мен ойлап тапқан жоқпын. Қала әкімі қолдап, орынбасарлары оңтайландырып, басқарма бекітіп, мәслихат мақұлдап, жұмыла жасалған жұмыс.

Бүгінде Шымкент "жасыл" аймақта тұрған ҚАЗАҚСТАНдағы жалғыз қала. Елдің аузында жүрген сомма тек наурыз мерекесіне ғана қаралған қаржы емес. 572 миллион теңге (565 млн емес), жыл бойы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген қаржы. Соның ішінде Наурыз мерекесінде 10 күн бойы өткен 103 іс-шараға 213 миллион теңге жұмсалды. Наурызға қатысты іс-шаралар наурыздың соңына дейін, тіпті сәуір айына дейін жалғасады. Айтайын дегенім, 213 миллион теңгенің өзі кейбір блогерлер жазып жатқандай 5-6 іс-шараға бөлінген жоқ. "Наурыз айтысқа" келейік. 40 миллион теңге "Наурыз айтыс" атты үлкен жобаға бөлінген қаржы. Оның ішінде 2 ауқымды іс-шара бар. Екі күндік ақындар айтысы, ақын-жазушылардың проза және поэзия бағыттары бойынша өткен байқауы мен мүшайрасын косыңыз. Бұл қаржының ішінде жүлде қоры, қатысушылар мен қазылар алқасының гонарары, олардың келу-кету мен орналастыру, тамақтану мен транспорт өзге де көптеген шығындары бар. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бір көзден сатып алу тәртібімен өткізіліп, "Quraq group" компаниясының авторлық жобасы болғандықтан тікелей келісімшарт жасалды. Оның үстіне бұл іс-шараларды компания өз қаржысына өткізді. Біз бұл компаниямен сәуір айында есептесеміз.
Жиһаз өндіру — бұл компания қызметінің бір ғана бағыты. Іс жүзінде ол мәдени іс-шаралар ұйымдастырумен де айналысады. Соның ішінде ақындар айтысын ұйымдастыруға лицензиясы бар. Бұл компания осындай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген белгілі продюссерлермен бірлесіп жұмыс істейді. Наурыздағы барлық іс-шараларды санитарлық талаптарды қатаң сақталды.

Бір сөзбен айтқанда, бөлінген бюджет бабамнан қалған қаржы емес, мен басқарып отырған әсем ғимарат әкемнен қалған мұра емес. Айта кететін жәйт, мәдениет саласына қала бюджетіен бөлінетін қаржы 1% да құрамайды екен. АЛЛАның алдында да, адамның (құзырлы органдар) алдында да есеп болатынын білетін жандардың санатынанмын. Тілектес жандарға АЛЛАның нұры жаусын!", деп қорытындылады
сөзін. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық Мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды,

Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

Соңғы жаңалықтар