5-қыркүйекте Мәскеуде XYII ТМД экономикалық кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5-қыркүйекте Мәскеуде XYII ТМД экономикалық кеңесі өтеді

5-қыркүйекте Мәскеуде XYII ТМД экономикалық кеңесі өтеді

5-қыркүйекте Мәскеуде XYII ТМД экономикалық кеңесі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД елдері атқару комитетінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламадан мәлім болды.

  • 8 Тамыз 2003
  • 407
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджеттік қаржысы есебінен қаржыландырылатын ТМД елдерінің біртұтас бюджетінің жобасына өзгертулер енгізу және Достастық органдарының 2003-жылғы біртұтас бюджетінің шығындарын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар қаралады деп межеленген.

Сондай-ақ, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің бюджетінен қаржыландырылатын ТМД елдерінің біртұтас бюджетінің жобасын, мүгедектер мен Ұлы отан соғысы ардагерлерінің және соларға теңестірілген жандардың жолақы жеңілдігін өзара мойындау жөніндегі 1993-жылдың 12-наурызында қабылданған Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Хаттама жобасын талқылау көзделген.
Кеңеске қатысушылар сондай-ақ, ТМД-ны 2005-жылға дейін дамытуға бағытталған шаралар Бағдарламасының жоспарына түзетулер енгізу мәселесін қарайды деп күтілуде.