Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.
"Қазір әкімшіліктің қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді. Ертеңнен бастап біз халықты осы вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз", — деді Тимур Муратов.
Ол қала тұрғындары өздері қалаған вакцинаны таңдай алатынын айтты. Оған қоса, Тимур Муратов вакцина ерікті түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.