6 жасар баланы зорламақ болған педофил ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жасар баланы зорламақ болған педофил ұсталды

6 жасар баланы зорламақ болған педофил ұсталды

Осы Павлодар облысында 6 жасар баланы зорламақ болған педофил ұсталды. Бүлдіршінді алдап алып шыққан азғын артынша оның ауызына арақ құйып, арам ойын іске асырмақ болыпты. 

  • 5 Қараша 2013
  • 419
Фото - Caravan.kz


27 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны сәбиді қала сыртындағы көпір маңына жетектеп апарған. Қаңғыбастардың мекеніне айналған ағаш күркелердің бірінде ол балаға мәжбүрлеп арақ берген. Жұмыссыз жүрген маскүнем арам тірлігін жасап үлгермеген көрінеді. Тіпті баланың ата-анасынан 300 мың теңге талап етпек болған екен. Ұлы үйге оралмаған соң 38 жастағы әйел дереу полицияға хабарласқан. Көп ұзамай күдіктінің үстінен түскен тәртіп сақшылары баланы аман-есен анасының қолына табыстады.