6 жастағы бүлдіршінқуыстан өтемін деп қысылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жастағы бүлдіршінқуыстан өтемін деп қысылып қалды

6 жастағы бүлдіршінқуыстан өтемін деп қысылып қалды

Қуыстан өтемін деп қысылып қалды. Жамбыл облысында 6 жастағы бүлдіршіннің басы екі бетон бағанасының арасына қысылып, қимылсыз 40 минуттай тұруға мәжбүр болған.

  • 15 Тамыз 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz


Ойын баласы Байзақ ауданындағы «Мырзатай» орта мектебінің алдында ойнап жүрген. Достарынан қашамын деген ол білім ошағының алдындағы алып екі бағананың арасынан өтпек болыпты. Бірақ, басы қысылып тұрып қалған. Ата-анасы, тіпті көрші-қолаң жабылып оны қуыстан шығара алмай, амалсыз құтқарушыларды шақырды. Алайда төтенше жағдайлар қызметі мамандарының өзі 40 минутта әзер жеткен. Сол уақытқа дейін ойын баласы қуыста табжылмай тұрды. Біраз тер төккен құтқарушылар бетонның арасын арнайы құралмен ашып, басы қысылған баланы әзер шығарды.