600 млн: Павлодардың шенеуніктері тұрғын үй сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
600 млн: Павлодардың шенеуніктері тұрғын үй сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырған

600 млн: Павлодардың шенеуніктері тұрғын үй сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырған

Оңтүстіктен Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы аясында болған жанжалдар аз емес. Тұрғын үйдің сапасына байланысты қызметінен кеткендер де аз болған жоқ.

  • 15 Мамыр
  • 14
Фото: ашық дереккөз

Енді Павлодар облысының шенеуніктері 600 миллион теңгені қалталарына басқаны анықталып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру жобасына бөлінген бюджеттік қаражат ұрланған.

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықталды. 

«Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған»,– делінген хабарламада. 

Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. Тек 6 ауданда ғана 600 миллион теңгеге шығын анықталды.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде. Тексеру жалғасуда.