7 ай бойы зорлаған: Атырау облысында 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7 ай бойы зорлаған: Атырау облысында 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

7 ай бойы зорлаған: Атырау облысында 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

Атырау облысында ер адам 7 ай бойы 13 жастағы өгей қызын зорлап келген.

  • 19 Қыркүйек 2019
  • 229
Фото - Caravan.kz

Ер адам қыздың анасымен заңды некеде тұрған,деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам әйелінің бірінші некесінен дүниеге келген қызын заңды түрде өз баласы ретінде мойындап, өзінің тегін берген. Оның өгей қызының анасымен ортақ некесінен тағы екі қызы бар екен.

«Ер адам әйелінің үйде жоқ болған кезін пайдаланып, өгей қызына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Жәбірленуші бұл туралы ешкімге тіс жармапты. Себебі өгей әкесінен қорыққан. Қыз жүкті болып қалғаннан кейін ғана ер адамның әрекеттері туралы белгілі болған. Оның анасы бірден полицияға шағымданыпты», — дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.


Соңғы жаңалықтар