Жарияланды: 110

"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері аталды

"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері аталды

"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз-конференциясы барысында айтылды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Тізімде 7 банк бар: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның Ұлттық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін Сбербанк пен ForteBank банктерінің қосылуға дайын екенін айтылады.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасына Қазақстандағы барлық категориядағы адамдар қатыса алады: мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мүгедектер және көп балалы отбасылар.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын.

 "(...) Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек", - деп түсіндірген еді Назарбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін "7-20-25" ипотекасы қашан беріле бастайтыны айтылған еді.  Ал 19 маусымда "7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген болатын.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть