7,3 миллион га жер мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7,3 миллион га жер мемлекетке қайтарылды

7,3 миллион га жер мемлекетке қайтарылды

7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды.

  • 10 Қараша 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Президенттің қабылдауында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы El.kz  сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылды.

Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңге болатын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион га жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың га жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың га жер қайтарылады.