«8 миллион қытайлық біздің елге көшіп келе алар еді» Арман Шораев Мәсімовтың сұмдық жоспары жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«8 миллион қытайлық біздің елге көшіп келе алар еді» Арман Шораев Мәсімовтың сұмдық жоспары жайлы айтты

«8 миллион қытайлық біздің елге көшіп келе алар еді» Арман Шораев Мәсімовтың сұмдық жоспары жайлы айтты

Белгілі  қоғам қайраткері Арман Шораев қамауда отырған Кәрім Мәсімовтың қандай жоспары болғаны және тәуелсіздікке нендей қатер төнгені жайлы жеткізді.

  • 27 Маусым 2022
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Сұрауы бар» YouTube арнасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған сұхбатта Кәрім Мәсімовтің Қазақстанды билеп-төстеуді көздегенін және бұл іске талай жыл бұрын кіріскенін айтты.

«2016 жылы елімізде жер дауы болғанда Кәрім Мәсімов 4 миллион гектар жерді Қытайға бере салуға барлығын дайындап қойды ғой. Жерді былай қойғанда 1 гектарға Қытайдың екі азаматы квота арқылы Қазақстанға ресми түрде кіре алатын еді. Сонда 8 миллион қытайлық біздің елге көшіп келе алар еді. Көшіп келген соң он жылдың ішінде ол 14 миллион болып шыға келер еді. Сонда Қазақстан шынымен өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалуы әбден мүмкін болды, — деді Арман Шораев.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысын шетелдік агент болуы мүмкін деп есептейді.


Еске салсақ, ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов «қаңтар оқиғасы» кезінде қамауға алынған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар