8 наурыз арулар күні! Құттықтау-тілектер!  - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 наурыз арулар күні! Құттықтау-тілектер! 

8 наурыз арулар күні! Құттықтау-тілектер! 

8 наурыз арулар күні! Құттықтау-тілектер! 

  • 2 Наурыз 2021
  • 2897
Фото - Caravan.kz

Құрметті арулар!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ келді ортамызға!

Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

************************************************************

Аналарға арналған өлеңдер

Ана туралы жыр

Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ме ай, күнін,
Қолыма түспеді.

***********

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған,


Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

***********

Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

***********

1.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
3.
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
5.
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
6.
Ақ сүт берген балаңа
Күш – жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
7.
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
8.
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
9.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
10.
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
11.
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл – қызың.
12.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
13.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
14.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
15.
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты
16.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
17.
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
18.
Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

**********

 

Соңғы жаңалықтар