8 жасар қыздың суық тиіп қайтыс болуы: министрлік мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 жасар қыздың суық тиіп қайтыс болуы: министрлік мәлімдеме жасады

8 жасар қыздың суық тиіп қайтыс болуы: министрлік мәлімдеме жасады

Қарағандыда ыстығы көтеріліп қайтыс болған оқушы өліміне қатысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

  • 28 Желтоқсан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарағандыдағы жағдай бойынша алдымен баланың ата-анасына көңіл айтамын. Оқушы өлімінің себебі әзірге белгісіз, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысы бойынша балада асфикция болған. Яғни, құсу массасы», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ тілші сұрақ-жауап барысында оқушының өліміне коронавирус себеп болуы мүмкін бе деп нақтылады. Спикердің айтуынша, коронавирустың қатысы жоқ.

Еске салайық, кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы Қарағандыда тұмаумен ауырған 2-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы жазған еді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде бала өлімінің артқанын растады
.

Биыл 9 айда сәбилердің өлім-жітімі 8,18% құрады. Өткен жылдың 9 айында нәресте өлімі 7,92% болған. Яғни, биыл 2021 жылмен салыстырғанда өсім бар.

Одан бөлек, ведомстводан балалар арасында тыныс алу ағзалары аурулары, қан және қан түзу, ас қорыту жүйелері, жарақаттар, улану мен сыртқы себептер әсері салдарынан пайда болатын ауру түрлерінің жиі кездесетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар