81-лер жарады: ОҚО-да «жиырма жылдықтар» көпбалалы жалғызбасты анаға үй алып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
81-лер жарады: ОҚО-да «жиырма жылдықтар» көпбалалы жалғызбасты анаға үй алып берді

81-лер жарады: ОҚО-да «жиырма жылдықтар» көпбалалы жалғызбасты анаға үй алып берді

Оңтүстік Қазақтан облысында биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер қасиетті Рамазан айында 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға ауылдарынан үй алып беріп, қуанышқа бөледі.

  • 28 Мамыр 2018
  • 462
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы фейзбук желісіндегі «Қызықты студия» парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оңтүстік Қазақтан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылының Абай атындағы қазақ орта мектебінен осыдан жиырма жыл бұрын түлеп ұшқан азаматтар қасиетті Рамазан айында ігі іс жасады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға ауылдан үй алып беріп, қуанышқа бөлеген.

«Пайғамбарымыз с.а. у егерде кімде-кім бір игі істі бастайтын болса және ол ертең жалғасын табатын болса, ол менің бір сүннетімді жаңартқанмен тең деп айтып кеткен болатын. Біз де сондай бір игі істі бастап және ол ертең жалғасын тапса екен деген ниетіміз ақыретке дейін жалғасса екен деп, Алладан тілейміз. Алмагүл апай, міне, мектеп бітіргендеріне 20 толған 81-жылғылар сізге Алла разылығы үшін үй сыйлап отыр. Бұл үй Алланың сізге берген сыйы. Сізге берілген үй біздің ақшамыз, тапқан дүниеміз емес. Оны Алла тағала бізге берді, одан кейін осы сізге үлестіріп отырмыз. Сондықтан да, бұл үйде тек қана жақсылық, қуаныш болсын»,- деген құттықтаулар айтып үй иесіне сылықтарын табыстаған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды 

Астанада өзеннен сәбидің денесі табылды

Жас қызды жетектеп шықты. Шымкентте мешіт имамының бесінші рет үйленгені рас па

 

 

Соңғы жаңалықтар