84 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
84 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

84 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

Елордалық полицейлер 21-24 мамыр аралығында елорда аумағында «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

  • 27 Мамыр 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға көші-қон және жергілікті полиция қызметі, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері қатарынан мобильді топ ұйымдастырылды. Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары болуы мүмкін орындарға (пәтерлер, қонақүйлер, жатақханалар), құрылыс нысандарына, азаматтар көп жиналатын орындарға (базарлар, бос уақыттарын өткізетін орындар, вокзал маңындағы аумақ, өндірістік аймақтар) тексеріс жүргізілді.

Іс-шараны жүргізу нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 1181 фактісі анықталды, оның ішінде:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 1021 шетел азаматы;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 112 Қазақстан Республикасының азаматы;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 48 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.
  • "Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (МАӘК) 233 адамды елден шығарды. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде – 1 адам шығарылды. Шетел азаматтарына қатысты уақытша болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды. Жеке басын анықтау үшін Қабылдап-тарату орнына (ҚТО) 108 ТМД азаматы жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімінде көші-қон заңнамасы саласында 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, атап айтқанда ҚР ҚК 393-бабы бойынша (шығару туралы соттың шешімін орындамағаны үшін) – 4, іздеу жарияланған 2 қылмыскер ұсталды" — делінген хабарламада.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 2 751 600 теңге сомасында айыппұл салынды, оның 2 392 800 теңге өндіріп алынды.


Тексеріс нәтижесі шетел азаматтары көбінде Қазақстан Республикасына кіру, шығу және уақытша болуға тиіс белгіленген тәртіпті бұзатындығын көрсетті.

"Заң бұзушыларды Қазақстан аумағынан тыс жерге шығару туралы соттың шешімін орындауды қамтамасыз ету бойынша мобильді топтар ұйымдастырылды. Мобильді топ 24 мамырда Астана қаласы ІІД 85 шетел азаматын ҚР ҰҚК ШҚ-ға тапсыру үшін Жамбыл облысы «Қордай» БӨП және ОҚО «Қапланбек», «Жібек жолы» БӨП мемлекеттік шекарасына дейін ілесіп алып жүру үшін автобустарды ұйымдастырды" — делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар