8-наурыз күні Талдықорған базарында ер адам тыр жалаңаш жүгірген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8-наурыз күні Талдықорған базарында  ер адам тыр жалаңаш жүгірген

8-наурыз күні Талдықорған базарында ер адам тыр жалаңаш жүгірген

8 наурызда Талдықорғанда ер адам базардың маңында тыр жалаңаш жүрген.

  • 9 Наурыз 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Куәгерлер оны видеоға түсіріп желіге салған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторының сөзінше, жалаңаш жүрген ер адам айналасындағы адамдардың есін шығарған.

"Әйелдер балаларымен шошып, бағдаршамда қызыл жанып тұрса да жүгіріп кетті. Қандай да бір шара қолданып, мұндай адамдарды бақылауға алу керек", — дейді парақша оқырманы.

Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.


"Талдықорған қаласының полицейлері қалада жалаңаш жүрген ер адамды анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде жүрген. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар ер адамның псхикалық жай-күйі тексеріледі", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар