9 жастағы вундеркинд бала компания басшысы болды
![]() |
Үнді елінің 3-сынып оқушысы Рубен Пол қалта телефондарына арналған қосымша шығаратын «Прудент Гэймс» компаниясының бас директоры болды деп хабарлайды 24.kz. |
Небәрі 9 жасында компания басқарған ол киберқауіпсіздік мәселесіндегі конференцияларда сөз сөйлеп жүр. Ал оның әкесі - өз баласы басқаратын компанияның бизнес әріптесі. Оның айтуынша, зерек бала ақпараттық техникаларға 5 жасынан қызыға бастаған. Сол кезден-ақ ол Scratch программасында еркін жұмыс істеген. Кейін көп ұзамай мектеп есептерін шығара алатын өзінің алғашқы қосымшасын ойлап шығарыпты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін