«9 жылға сотталуым мүмкін»: Украина сапында жүрген қазақ сарбазы Зеленскийден көмек сұрады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«9 жылға сотталуым мүмкін»: Украина сапында жүрген қазақ сарбазы Зеленскийден көмек сұрады (ВИДЕО)

«9 жылға сотталуым мүмкін»: Украина сапында жүрген қазақ сарбазы Зеленскийден көмек сұрады (ВИДЕО)

Бірнеше жыл бұрын Украинаға көшіп барып,  отбасын құрған және сол елдің әскери сапында Ресейге қарсы соғысып жүрген Жасұлан Дүйсембин ел президенті Владимир Зеленскийден көмек сұрады.

  • 21 Маусым 2022
  • 1743
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Құрметті президент Зеленский, мен қыркүйекте Украина қарулы күштерімен келісім-шарт жасасып, соғыс басталмай тұрып алдыңғы шепте болдым. Ресей басып кірген күннен бастап өзге сарбаздармен бірге шайқастарға бірге қатысып келе жатырмын. Батыр қала Волновахада болдым.  Осы уақытқа дейін Украинаның азаматтығын алғуға тырыстым, себебі Қазақстанда маған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір олар мені қолға түсіргі келеді, өйткені кем дегенде 9 жылға сотталуым мүмкін. Таңдауым үшін, әділдікке жету жолындағы күресім үшін жазаға кесілем. Әйелім бар, Украина азаматшасы, 2 балам осы елде өмірге келді. Көмектесемін деген адамдар ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Сізден басқыншыларға қарсы соғысу үшін азаматтық алуға көмектесуіңізді сұраймын»,– деді ол.

Видео
Turan Kazakhstan
ютуб арнасында жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар