91-ден үйреніңдер: Ringo тобының жаңа бейнебаяны көпшіліктің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
91-ден үйреніңдер: Ringo тобының жаңа бейнебаяны көпшіліктің қызу талқысына түсті

91-ден үйреніңдер: Ringo тобының жаңа бейнебаяны көпшіліктің қызу талқысына түсті

Танымал продюсер Алуа Қонарованың продюсерлік ететін «Ринго» тобы су жаңа бейнебаянын жұрт назарына ұсынды. Алайда орысша әнге таспаланған туынды көпшіліктің қызу талқысына түсіп, кейбіріне ұнамай қалды.

  • 27 Тамыз 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Отандық «Ринго» тобы «MoneyT» аталатын әніне бейнебаян түсірген.

Бұған дейін көбіне қазақ тіліндегі әндер шырқап жүрген топ бұл жолы орысша әнді таңдапты. Алайда тыңдармандарының көбіне ән жақпай қалды. Біразы туындыны мән-мағынасыз деп тапты.

3 күннің ішінде 30 мыңнан астам тамашаланған бейнебаянды сынағандар да көп болды. Десе де бұл орайда да жұрттың пікірі қақ бөлініп, жақтағандар да, даттағандар да табылды.

«Не үшін орыс тіліндегі әнді таңдаған? Қазақша әндері әлдеқайда жақсы еді», «Бейнебаян мағынасыз. Ал ән заманауи, жақсы. Олар «ардагерлер» болса да, өнерде жүрген інілерінен жақсырақ», «Орысша ән айтамыз деп көрермендеріңізді жоғалтып алмаңыздаршы, әйтеуір. Бірақ стиль, сапа жақсы», «Биі, әнді орындауы, даусы мен суреті жақсы. Керемет дайындалыпсыздар», «Кешіріңдер, бірақ маған ұнаған жоқ. 91 тобынан үйреніңдерші», – деп жазды пікір қалдырушылар.


 

Соңғы жаңалықтар