950 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
950 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

950 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары 1 млн 400 мың гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптарының пайдаланылмай жатқаны анықталса, соның 950 мың гектары - мемлекет меншігіне қайтарылған.

  • 3 Қыркүйек 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz


24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, бос жерлерді айналымға енгізу конкурс арқылы жүзеге асуда.

Жыл басынан бері өңірде ауылшаруашылық құрылымдарына 65 мың гектар жер жалға берілген. Бұл жұмыстар әсіресе Казталов ауданында қызу жүруде. Былтыр ауданда 40 мың гектар жер мемлекет меншігіне алынса, биыл бос жатқан 30 мың гектар жердің 12 мың гектары қайтарылды.

— Бәленбай гектар жерді алып, мал өсірмейтін болса, малды асылдандыру бағытындағы түрлендіру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтын болса, онда біз тиісті шаралар аламыз. Себебі бүгінгі таңда ауданымызға асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын, жалпы мал шаруашылығының өндірісімен айналысатын, қызығушылық танытып отырған азаматтар, инвесторлар бар, жоқ емес. Сол бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оларға міндетті түрде үлкен көлемді жерлер қажет, — дейді Казталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков.

Соңғы жаңалықтар