Ә. Бәйменов мемлекеттік қызмет саласындағы сапаны арттырудың факторларын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Бәйменов мемлекеттік қызмет саласындағы сапаны арттырудың факторларын атады

Ә. Бәйменов мемлекеттік қызмет саласындағы сапаны арттырудың факторларын атады

Мемлекеттік қызмет саласында озық елдердің тәжірибесін зерделеуіміз керек, алайда ешқайсысын көшірмеуіміз қажет.

  • 11 Қараша 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті.

«Сапаны арттыру бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, дұрыс заңнама қабылдау. Бірақ кез келген шетелдің заңын көшіріп алып, пайдалануға болмайды. Мысалы, егер киім тар болса, ол адамды қысып тастайды. Сондықтан біз озық елдердің тәжірибесін зерделеуіміз керек, алайда ешқайсысын көшірмеуіміз қажет. Екінші мәселе — әрбір министрліктің, әрбір әкімдіктің ішкі жұмысының ырғақтылығын қамтамасыз ету, яғни шешім қабылданғандағы сарапшылардың пікірі есептелуі керек, сондай-ақ халықтың ұсынысы назарға алынуы қажет», — деді Ә. Бәйменов  Астанадағы «Мемлекеттік қызметтің дербестігі» тақырыбындағы семинарда.

Сонымен қатар ол қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру керектігін атап өтті.

«Міне, осының барлығы бірігіп келгенде мемлекеттік қызметтің, мемлекеттің аппараттың сапалы жұмыс жасауына алып келеді»,-деді Ә. Бәйменов.

Айта кетейік, семинарды Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және БҰҰ ДБ қолдауымен ұйымдастырды. Оның жұмысына еліміздің орталық мемлекеттік органдарының жауапты хатшылары мен облыс әкімдіктерінің аппарат басшылары, сондай-ақ  БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, ЭЫДҰ Мемлекеттік секторды реформалау басқарамасының басшысы Эдвин Лау, Канада басқару институтының президенті Мариантонетт Флюмэн, Нидерланды Жоғары мемлекеттік қызметінің бұрынғы бас директоры Ян Виллем Век және саладағы басқа да шетелдік білікті мамандар қатысуда.