А. Сәрінжіпов Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға Қазақстан атынан қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Сәрінжіпов Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға Қазақстан атынан қатысты

А. Сәрінжіпов Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға Қазақстан атынан қатысты

Адам капиталы бойынша Қазақстан 144 елдің ішінде 37-орынға тұрақтады. Бұл туралы Иорданияда Өлі теңіз жағалауында өткен

  • 25 Мамыр 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік экономикалық форумында сөз алған сарапшылардың   «The Human Capital Report 2015» баяндамасында белгілі болды.

Әр елдің табысын айқындау кезінде сарапшылар 46 көрсеткішті негізге алды, оның ішінде өмір сүру деңгейі, сапасы, білім   қолжетімділігі, жұмыс күшінің біліктілігі, халық өмірінің ұзақтығы және т.б. критерийлер бар. Бұдан басқа, халықты жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мемлекеттегі инфрақұрылымды дамыту деңгейі назарға алынды.

 «Бұл әлемде орын алған сын-қатерлерге қарамастан, біздің азаматтардың әл-ауқатына қатысты сала Қазақстанда сенімді, үдемелі даму үстінде екендігін көрсетеді. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бұл рейтинг көретіле беретініне сенімдімін», — деді форумда Қазақстан атынан барған ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов айтты.

Еске салсақ, Иорданияда Өлі теңіз жағалауында Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумы өтті. Оған әлемнің 50-ден астам елінің 1000-ға тарта саясаткерлері, бизнесмендері мен ғылым қайраткерлері қатысты. Иордания королі Абдалла II бин Хусейннің басшылығымен өткен форумда Таяу Шығыс және Солтүстік африкалық өңір елдерінің даму перспективалары, олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, экономиканың мемлекеттік және жеке секторлары арасындағы өзара іс-әрекетті тереңдету мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, қатысушылар палестина-израильдік  реттеу, Иракты қалпына келтіру проблемалары, Қызыл және Өлі теңіз арасындағы арналар құрылысының песпективасына тоқталды.  Бұл ұсыныс Израиль, Иордания, Палестина арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде маңызды рөлге ие.

Форум соңында Иордания 7 млрд. доллар тұратын инвестициялық келісімдер жасасты. Иордания королі Абдалла II Иордания географиялық жағынан аса үлкен ел болмаса да, елде бірегей инвестициялық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Ол  өз баяндамасында экономикалық дамудың 10-жылдық жоспарын ұсынды, 10 жыл ішінде мемлекеттік, жеке секторлармен бірлесіп 18 млрд. доллар инвестиция іске асыруға ниетті екенін хабарлады.


Қазақстандық  делегацияны басқарған министр А. Сәрінжіпов Иордания короліне Президент Н. Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты қазақстандық-иорданиялық қатынастарды тереңдетуге ықыласты екендігін жеткізді. Король Абдалла II де ҚР Президентіне сәлем жолдап, жауапты тұлға ретінде Қазақстан атынан форумға қатысқаны үшін алғыс сезімін білдірді.