А. Винокуров “Дофине Либеренің” көрігін қыздыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Винокуров “Дофине Либеренің” көрігін қыздыруда

А. Винокуров “Дофине Либеренің” көрігін қыздыруда

“Астананың” лидері Александр Винокуров пен  оның бір топ командалас әріптестері бұл күндері көпкүндік велотур “Дофине Либеренің” көрігін қыздыруда. Әзірге алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша  Александр Винокуров жалпы есепте көш бастап келеді.  

  • 9 Маусым 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

Войро мен Лион арасында өткен екінші кезеңнің жарыс жолында германиялық велошабандоз Джон Дегенкольб  топ жарды. Жеңімпаз 179 шақырым қашықтықты 4 сағат екі минут 39 секундта еңсерсе, француз самуэль Дюмулен екінші, ал неміс Пауль Мартенс мәре сызығын үшінші кесті. Бүгінгі кезеңді пелотонмен бірге аяқтаған жарыс лидері Александр Винокуров үстіндегі  сары жейдені сақтап қалса, одан 11 секундқа ұтылып келе жатқан бельгиялық Юрген ван ден Брок бұл тізімде екінші орында . Ал үшінші орында британиялық велошабандоз Брэдли Уиггинс келеді. 

Галина Воскобоева Дания Ашық біріншілігінің 2-ші айналымына өтті.

Бұл сында ол Австралия өкілі Елена Докичты 6:3, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Жерлесіміздің ендігі қарсыласы қытайлық Чжан Шуай болмақ. Ал Ярослава Шведова Бирменгемдегі турнирдің 1-ші айнылымын еңсерді. Ол қытайлық  Цзе Чжэнді 6:2, 7:6 есебімен ұтты. Алдағы кездесуді ол жаңа зеландиялық Марина Эраковичке қарсы өткізбек.

Швейцариялық белгілі теннисші Станислас Вавринка Лондондағы турнирдің екінші айналымында әлемнің  216-ракеткасы британиялық Джеймс Уордтан ұтылып қалды.  

Король клубының жүлдесі сарапқа түсіп жатқан жарысқа  арнайы шақыру алған 24жастағы Джеймс Уордтың әлемнің 14-ракеткасы Станислас Вавринканы ұтуы бүгінгі күннің  сенсациясы болды. 1 сағат 17 минутқа жалғасқан матч 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Өз кезегінде Лондондағы турнирге 7-ші нөмірмен терілген испаниялық теннисші Фернандо Вердаско 6:2, 6:3 есебімен француз Николь Маюдан басым түсті.   

Стэнли кубогін сарапқа салып жатқан “Бостон” мен “Ванкувер” финалдық серияның үш  ойынын артқа тастады.  Бостонда  өткен үшінші  кездесуде қонақтардың адымын аштырмаған  алаң иелері ірі есеппен жеңіске жетті.

Сарай толы көрермендер алдында өткен бүгінгі матчта финалдық серияда сирек кездесетін нәтиже тіркелді. Жергілікті хоккейшілер “Ванкувердің” қақпасына сегіз шайба соқса, олар тек бір шайбамен шектелді.  Жалпы,  алаң иелері кездесу барысында  қонақтарды барлық көрсеткіш жағынан басып озды.  Бүгінгі матчта “Ванкувердің” қақпасынан табылған  төртінші голдың авторы  Крейчи,  өзінің плей-офф кезеңінде  соққан голдар санын  он бірге жеткізді.  Кездесудің 52-ші минутында орын алған жаппай төбелестен кейін  төреші екі жақты да аяған жоқ. “Ванкувердің” сапынан Александр Берроуз бен Райан Кеслер, ал алаң иелерінен Милан Лючич пен Деннис Сайденберг матч соңына дейін алаңнан қуылды. Естеріңізге сала кетейік, финалдық серия команданың бірі төрт мәрте жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Әзірге артта қалған үш кездесуден кейін  2:1 есебімен “Бостон”  алда келеді.


Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында матчтар өтеді.Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» өз алаңында «Атырауды» қабылдаса, одан бір ұпай кем жинаған «Ақтөбе» «Востокпен» күш байқасады. Сонымен қатар«Жетісу»- «Шахтер», «Тобыл»  — «Ертіс», «Ордабасы» — «Қайсар» және «Тараз» — «Қайрат» жұптары да өзара мықтыны айнықтайды.

Соңғы жаңалықтар