Абай облысында жаңадан бес су қоймасы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай облысында жаңадан бес су қоймасы салынады

Абай облысында жаңадан бес су қоймасы салынады

Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен сала министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді

  • 24 Мамыр
  • 12
© Sputnik / Yuriy Sharov

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған аудан шаруалары бірнеше жыл бойы судан тапшылық көріп келеді. Өйткені Қарақол ауылындағы су қоймасының құрылысы 1980 жылдары басталып, сол күйі аяқталмай қалған.

Жаңа су қоймаларында 156 млн текше метрден астам тіршілік нәрін сақтауға болады. Үржар, Ақсуат және Көкпекті аудандарында салынатын гидронысан құрылысы 2024-2030 жылдарға жоспарланған.

«Былтыр қараша айында мен ол жерде болдым. Әрине, біз жасап жатқан жұмыстардың ішінде ол бірінші кезекте тұр. Біз оны қайта қалпына келтіруіміз керек. Биыл біз жобалық-сметалық құжатты әзірлейміз. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін 2025-2026-2027 жылдары біз жаңғырту жұмыстарын аяқтауымыз керек», — делінген хабарламада.