Абай облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды

Абай облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды

Абай облысының Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері парамен ұсталды.

  • 28 Қыркүйек 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Антикор мәліметінше, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысының Көші-қон қызметін Гүлвира Дөненбаева басқарады. Бұдан бұрын 5 жыл бойы Астана қаласы ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар