Абай облысындағы ірі өрт салдары ғарыштан көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай облысындағы ірі өрт салдары ғарыштан көрсетілді

Абай облысындағы ірі өрт салдары ғарыштан көрсетілді

Абай облысындағы өрттің салдары көрсетілді. 

  • 26 Мамыр 2023
  • 65
Фото - Caravan.kz

Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ғарыштан түсірілген суреттерден Абай облысындағы өртке оранған бүкіл аумақты көруге болады. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің жалпы аумағы 3500 гектарға жуық екенін хабарлаған болатын.

25 мамырда кешке Абай облысы аумағындағы орман өрті ауыздықталды.

25 мамырда премьер-министр Әлихан Смайылов Абай ауданындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.


"Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл — әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті", — деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар