"Абай өмірде болған жоқ. Ол - Бөкейхановтың саяси жобасы": Ғалым Абай Құнанбаевты жоққа шығаратындарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай өмірде болған жоқ. Ол - Бөкейхановтың  саяси жобасы": Ғалым Абай Құнанбаевты жоққа шығаратындарға жауап берді

"Абай өмірде болған жоқ. Ол - Бөкейхановтың саяси жобасы": Ғалым Абай Құнанбаевты жоққа шығаратындарға жауап берді

Жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай филолог Зәуре Батаеваның "Абай - алаштанушылардың ағартушылық жобасы" деген пікірін жоққа шығарды. 

  • 14 Тамыз 2023
  • 957
Фото - Caravan.kz

Жазушы бұл туралы "Халық үні" You Tube бағдрламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біреу жазыпты Абай туған жоқ, өмір сүрген жоқ, бала жоқ. Құнанбайда ондай бала болған емес. Ол шығарма жазбаған, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов саяси жоба ретінде жасаған депті. Әуезов 1933 жылы қара сөзді НКВД-ның заказымен жазған, Әуезов "Абай жолын" жазбаған дейді. Бұл деген жаңағыны жазып отырған адам бүкіл ұлтты арандатып ғана қоймай, жоқ деп отыр. Бізге өтірік өмірбаян жасап берген, біз елеспіз деп отыр. Өйткені Батаева айтты, жоқ. Ал, Абай жоқ болса, Абайдың руханияты жоқ болса, қазақ халқының руханияты қандай болады?! Бүкіл қазақ халқын жоқ қылып отыр ", — дейді жазушы. 

Ғалым Жанұзақ Әкімнің Абайдың қара сөзі қазақты құртады деген пікіріне де жауап беріп, оның жалған намыс екенін де айтты. 

"Абайдың сөзіне қарсы шығып, бұл қазақты қорлайды дегенді түсінбеймін. Бір би сайлайық, бас басыңа би болдың деп отыр. Осы пікірлер туралы мен Абай ауданына хабарласып айттым. Сонда менің бір бауырым сиыр жер баса алмай жүр, шөп жоқ, таудың басында мөңіреп тұрады деді. Бізге қазір әкім сайла деп шығып еді, ел сиырын да, шөбін де ұмытты, біз сайлаумен әлек болып жатырмыз дейді. Сол баяғы бес болыс бес адамды ұсынып отыр. Абайдың би туралы сөзі дәл келіп тұр.  Оның әрбір сынаған мінезі бүгінгі біздің бойымызда бар. Соған өздерінше намыстанады. Қазақстан қылмыс пен коррупциядан әлем елдерінің алданда тұр. Намыстанса, қазақ болса, неге соған намыстанбайды?", — дейді Тұрсын Жұртбай. 

Еске сала кетейік, филолог Зәуре Батаева ""Абай жұмбағы: Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны"
мақаласында
"Шындығында, «Абай» мен «Ибраһим Құнанбайдың» бір адам емес екендігі Омбыдан 2 тілде қатар басылған «Дала Уалаятының Газеті» атты баспадан 1889 жылдың өзінде расталған болатын. Біріншіден, «Ибрагим Құнанбай» деген адам ақын болмаған. Екіншіден, біз қазір «Абай» деп танитын адамның ол кезде «Абай» деген лақап аты әлі болмаған. Абайдың бейнесі арқылы Бөкейханов өзінің саяси жобасының шығармашылық компонентін құрады: ұзақ уақыт орыстандыру саясатын көздеген орыс-қазақ зиялыларына орыс мәдениетіне толық сіңісе отырып, өзінің көшпелі мәдениетінен қол үзбеген, үлгі тұтарлықтай мінсіз қазақ бейнесін көрсеткісі келсе керек", — деген еді. 

 

Соңғы жаңалықтар