"Абай" шахтасында 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасында 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде

"Абай" шахтасында 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарладйы агенттік ҚР ТЖМ-нің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, нақтылғанған мәліметке сәйкес, жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған.

«12 сағат 30 минуттағы жағдаймен 158 адам жер бетіне шығарылды, соның ішінде 7 кенші жараланған. 7 адамның мәйіті табылды. 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құтқару жұмыстарына құтқару жұмыстарына әскерилендірілген құтқару қызметінің 8 бригадасы жұмылдырылған. Апат салдарынан болған қирау ауқымы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санына қатысты мәліметтер нақтылануда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті