"Абай" шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

"Абай" шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Қарағанды. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың бұйрығымен бүгін Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды»,- деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко басқарған комиссия құрамына энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Қорғау» кеншілер кәсібодағының, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ мен ғылыми ұйымдардың өкілдері кірген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды

12 сағат 30 минуттағы жағдаймен 158 адам жер бетіне шығарылды, соның ішінде 7 кенші жараланған. 7 адамның мәйіті табылды. 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті