Абай шахтасындағы апат: қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай шахтасындағы апат: қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды

Абай шахтасындағы апат: қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды

Шахтада қаза болғандардың тізімі жарияланды: үң үлкені 53 жаста, ең кішісі 31 жаста болған.

  • 7 Қараша 2021
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысы Абай шахтасындағы апат салдарынан қаза болған кеншілердің аты-жөні мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

Шахтадағы апат кезінде зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олар газдан қатты уланған. 61 және 58 жастағы кеншілерге қойылған диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия.

Сонымен қатар қаза болғандардың тізімі жарияланды: барлығы – 1968-1990 жылдары туған ер адамдар.

Краус Сергей, 1983 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Шмидт Виталий, 1979 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Абдуллин Наиль, 1990 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Корниенко Сергей, 1971 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Супрунов Алексей, 1987 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Скитченко Николай, 1968 жылы туған.

Жексенбі, 7 қарашада сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада төтенше жағдай болды. Шахтада барлығы 64 адам болған. 56 адам өздері жер бетіне шыққан. Метан газы тараған 3-К10 кенжарында сегіз адам қалған. Алтауы қаза тауып, екеуі зардап шекті, олардың жағдайы ауыр.


 

Соңғы жаңалықтар