"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде 4 кенші қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде 4 кенші қаза тапты

"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде 4 кенші қаза тапты

Қарағанды. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде 4 кенші қаза тапты, деп хабарлайды агенттік Қарағанды облыстық мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 517
Фото - Caravan.kz

Департамент ақпаратына сәйкес, жарылыс кезінде шахтада 195 адам болған. 11 сағаттағы жағдаймен жер бетіне 100 адам шығарылды, 4 кенші қаза тапты, 3 адам жараланды.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құтқару жұмыстарына әскерилендірілген құтқару қызметінің 8 бригадасы жұмылдырылған. КР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ Владимир Божко оқиға болған жерге шұғыл аттанып кетті. Апат салдарынан болған қирау ауқымы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санына қатысты мәліметтер нақтылануда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті