"Абай" шахтасындағы жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 13 адам ауыр жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасындағы жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 13 адам ауыр жараланды

"Абай" шахтасындағы жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 13 адам ауыр жараланды

Алматы. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 13 адам ауыр жараланды. Бұл туралы агенттікке "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің сақтандырушысы болып табылатын "Евразия" сақтандыру компаниясы хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

«»Абай» шахтасында 8 адам өлім құшып, 13 адам түрлі дәрежеде күйікке шалдығып, сынық және басқа да жарақаттар алды.Қазірде хабар-ошарсыз кеткен 22 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде», -деп хабарлайды сақтандыру компаниясындағылар.

Компания өкілдері қазірде оқыс оқиға орнында жүр және олар осынау сақтандыру оқиғасына қатысты тексеру жүргізуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Евразия» сақтандыру компаниясы 2006 жылы Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан жарылысы салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына 153 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемдерін төледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. 15 сағаттағы жағдаймен 7 адамның қаза тапқаны және 9 адамның жараланғаны жөнінде ақпарат болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті