"Абай" шахтасының жұмысы тоқтатылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасының жұмысы тоқтатылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрі

"Абай" шахтасының жұмысы тоқтатылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Қарағанды. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасының жұмысы тоқтатылады, деп мәлімдеді Қарағанды облысының Абай ауылында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, шахтада барлығы 1500 адам жұмыс істеген. «30 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды. Қалғандары далада қалмас үшін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясының өзге шахталарына бөлініп таратылады», — деді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 2007 жылы көмір департаментінің жаңа инвестициялық Даму бағдарламасын жасап, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке таныстырған болатын. Оны жүзеге асыру 4 жылға жоспарланған және оған 70 млн АҚШ долларын бөлу қарастырылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, жаңа автобустар, жаңа желдеткіштер қондырғыларынан басқа жаңа құралдар да сатып алынуы тиіс болатын.

«Келісімдер жасалған. Құралдар 50 пайызға сатып алынды. Алайда, біз кешігіп жатқан сияқтымыз», — деді «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір департаментінің техникалық директоры Каниф Кашапов.

«Қазір шахтада осы бағдарламаға сәйкес бір жыл ішінде не істеу жоспарланды және не жасалды деген мәселеге байланысты сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл сараптама президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілетін болады», — деп сөзін қорытты Владимир Божко.

Сенбі күні Абайда «Абай» шахтасында қайтыс болған 30 кеншінің алғашқыларын жерлеу рәсімі өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті