Абайдың асыл әжесі Зереге ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайдың асыл әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

Абайдың асыл әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

Шығыстың шұрайлы мекені Жарма ауданы, Қалбатау ауылында дүбірлі той болып өтті. Һәкім Абайдың әжесі, қажы Құнанбайдың анасы Зере (Тоқбала) Бектемірқызына Жарма жұртшылығы жұмылып ескерткіш орнатты.

  • 22 Тамыз 2016
  • 761
Фото - Caravan.kz

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан әкімінің айтуынша, бұл ескерткіштің орнауына ауыл ақсақалдары рухани демеу болған.  Солардың бірі, Қоғамдық кеңес төрағасы, Жарма ауданының құрметті азаматы Төлеуберді Оразғалиұлы Әубәкіров:

«Бұл ескерткіштің ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлесі бар. Қазіргі ұрпақ тәрбиесі шынын айту керек, біраз ақсап барады. Қазіргі келіндер балаларын ата-әжелерінің тәрбиесіне бергісі келмейді, үлкендер тәрбиесін ерсі көреді. Бүгінгі тарихи сілкіністен кейін, Зеренің ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегі бүкіл жұртқа жайылатын болар, содан балалар үлгі алар, өнегелі ұрпақ көбейер»,-деген үмітін жасыра алмады.

Бұл тойға «Құнанбай» фильміндегі Зере әженің рөлін ойнаған Жарма ауданының тумасы Нұрсипат Салықова мен «Құнанбай» фильмінің режиссері және Құнанбай рөлінде ойнаған Досхан Қалиұлы Жолжақсынов та қатысты. Аудан әкімі әртістерге көркемөнер саласындағы үлкен еңбектері үшін шынайы ықыласын білдірді.

«Әлемнің сусар бұлағы, қозғаушы күші, ай мен күні аналарды жырламаған дәуір жоқ болар. «Жұмақ – аналардың табанында» деген сөз де бекер емес. Мына атқарылып жатқан ізгі істеріңіз қайырлы, құтты болғай деген лебізін білдірді», — деді Досхан Жолжақсынов.


Бір қызығы, Жарма ауданында Зере есімді қыз балалар көптеп кездеседі екен. Осы мерейлі тойға қатысқан қалың бүлдіршін «Зерелерді» Нұрсипат Салықова апамыз арнайы құттықтап, «Зередей әжелеріңнің аруағы әрқашан қолдап жүрсін. Пенде болған соң адам басына түрлі тағдырлар жазылатыны белгілі. Қысылған, қиналған сәттеріңде осы Зере ананың басына келіп ес жинап, зерек болып есейіңдер, қарақтарым» деген ізгі тілегін айтты.

Зере әже ескерткішінің басына жиналып, ұлан-асыр той жасап жатқан халық он саусағынан өнер тамған өр ұлдарын да ортаға шығарып, шапан жауып құрмет көрсетті. Мүсінді мінсіз бейнелеген суретшілер: әкелі-балалы Ертіс Исайынұлы Тәтиев пен оның ұлы Еркебұлан Ертісұлы.

«Зере әженің тізесіне немересін отырғызу идеясы  – нағыз әже бейнесін айшықтап тұр. Зере әже бейнесін Абай жолы эпопеясын көп оқығанымыздан болар қиналмай іске кірістік. Өткен қараша айында қолға алған жұмыс еді, енді міне, халыққа ұнап жатыр, жемісін көріп, қуанып жатырмыз»,-дейді олар.

Соңғы жаңалықтар