Абайдың шөбересі дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайдың шөбересі дүниеден озды

Абайдың шөбересі дүниеден озды

Абайдың шөбересі - бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Азаттық».

  • 13 Маусым 2014
  • 830
Фото - Caravan.kz

Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы — Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі.

Ишағы Жағыпар қызының Азаттық радиосына берген сұхбаты.

МАҒАУИЯ ТАРМАҒЫ  

Абайдың Ділдадан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы — Ишан апа биыл 90 жасқа келді. Ол – Мағауияның ұлы Жағыпардың қызы. Жүріп-тұруы 

Ишағы Жағыпарқызы Азаттық тілшісіне естелік айтып отыр. Алматы, 3 тамыз 2012.Ишағы Жағыпарқызы Азаттық тілшісіне естелік айтып отыр. Алматы, 3 тамыз 2012.

қиындағанымен, ол кісі Азаттық тілшісіне естелік айтып берді.
— Құнанбай ұрпағында мен ғана тоқсанға келіп отырмын. Екі үйлі жаннан қалған – жалғыз өзіммін, — дейді ол.
Ишағы апа әкесінің ағасы Құтайбаның ерте дүние салғанын айтады. Мағауияның тағы бір інісі Бабыр жастай қайтыс болған. Құтайбадан қалған Берекехан соғыста хабар-ошарсыз кеткен. Ишан апа «екі үйлі жан» дегенде осы Құтайбаның да әулетін меңзеп отыр. 
– Әкем кәмпескеленбеді, сотталған жоқ. Біз Бөрілітөбеде тұрғанда бірінші класты әкемнен оқыдық. Әкем Ақылбайдың үйінен мектеп ашып, киіздің үстінде отырып, сабақ оқитынбыз,- дейді ол. Айтуынша, әкесі Семейде екі жылдық мұғалімдер курсын бітіріп келгеннен кейін 1933 жылы Өскемен маңындағы Убо-Форпост ауылына мұғалім болып барады.
– Барды да бізді көшіріп алды. Дүниеміз – бәрі қалды. Қазір ойлап қарасам, Голощекиннің ондайларды жинап, өлтіріп жатқан кезі екен ғой. 1934 жылы әкем 

қайтыс болды,- дейді Ишағы апа. Көп ұзамай шешелері де дүние салады. 


Ишан Жағыпарқызы төрт жыл соғыста болған. Соғысқа алынған өзге де туыстары турасында ол былай дейді:
– Абай атамның тұқымынан менімен оншақты кісі соғысқа алындық. Менен басқа ешкім қайтқан жоқ. Өзімнің ағам – Берекехан, бауырым – Жошыхан хабарсыз кетті. Алдымен өзім, менен кейін екеуі кетті. Іздеу салдық – таппадық. Меніңше, Украинада болған. Жазысқан хаттарымыз Семейдегі музейде тұр. Біз соғысқа кеткенде сіңілім Ғазал Алматыда жалғыз қалды. Аяғына галошты шөпке орап киіп жүрді. Ешкім қараған жоқ.

Сурет azattyq.org сайтынан алынды.