Абақтыда зорланған Слекишина бес жылға дейін бостандыққа шығуы мүмкін - заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абақтыда зорланған Слекишина бес жылға дейін бостандыққа шығуы мүмкін - заңгер

Абақтыда зорланған Слекишина бес жылға дейін бостандыққа шығуы мүмкін - заңгер

Заңгер абақтыда зорланған Наталья Слекишинаның жазасын өтеуді кейінге шегере алуына қатысты заңнаманың ережелерін түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Сергей Уткин соттың оны бес жылға дейін босатуы мүмкін екенін айтты.

  • 29 Қыркүйек 2016
  • 752
Фото - Caravan.kz

"ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жүкті әйелдер мен кәмелет жасына толмаған балалары бар әйелдерге жазасын кейін өтеуге мүмкіндік берілетіні көрсетілген. Заң бойынша, жүкті әйелдер бір жылға дейін, ал кішкентай балалары бар әйелдер бес жылға дейін бостандыққа шыға алады. Шешімді сот қабылдайды", — деп түсіндірді заңгер.

Заңгердің айтуынша, қылмыстың кейбір түрлеріне жазасы кейін өтеуге мүмкіндік берілмейді. Бұл ауыр және аса ауыр қылмыс түрлеріне қатысты. Мысалы, терроризм, экстремизм бойынша немесе топпен ұйымдастырылған қылмыс түрлеріне жазаны кейін өтеуге болмайды.

"Теориялық түрде сот сотталушының жазаны кейін өтеуіне мүмкіндік бере алады. Сот осындай үкімді шығарса, сәйкесінше ол адам бостандыққа шығады. Уақыты аяқталған кезде сотталушы жазасын әрі қарай өтеуі тиіс. Сондықтан бостандыққа шыққан адамның әрекетіне байланысты оның жазасын өтеуден босатылуы да мүмкін немесе оның жазасын жеңілдету мәселесі қарастырылады. Теориялық түрде мұның барлығы болуы мүмкін. Мұны сот шешеді", — деді заңгер Сергей Уткин.

Осыған дейін абақтыда Слекишинаны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысы сотта соңғы сөзін айтқан болатын. 

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. 

"Мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісін толтырды, онда сотталушыға мына баптар бойынша жаңа айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 4-пункті (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану), 120-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау әрекеті), 146-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (Бірнеше рет азаптау). 21 қазанда мемлекеттік айыптаушы сот процессінде тараптарға жаңа айыптауларды баяндады", — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


 

Соңғы жаңалықтар