Жарияланды: 70

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен әдемімін, түр деген Құдайға шүкір

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен әдемімін, түр деген Құдайға шүкір

Әбдіжаппар Әлқожа өзінің сымбатты жігіт екеніне сенімді. Алайда әнші түріне сеніп, сұлу қыздардың бәріне көз салмайды. Себебі жүрегін жаулаған бір ғана ару бар екен.

Бұл туралы Әбдіжаппар Анна Данченконың "Өнер мен өмір" бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қыздарға көп әңгіме айта бермеймін. Біреуді жақсы көріп қалсам, соны ғана жақсы көремін. Бәрінің ұшын көріп кететін жігіт емеспін. Жігітшілікте болатын нәрсе ғой, серілік уақыт. Қанша әдемі қыздар көргеніммен, оларға әңгіме айтып, өзімнің намысымды түсіргім келмейді.

Бірақ бәріне тиісе беруге намысым бармайды. Қайсысы әдемі болса, сол менікі деген нәрседен қашамын. Мүмкін ол әдемі бір жігіттікі шығар, мүмкін футболшы, фотограф жігіттікі шығар. Неге барлық қыз әншілердікі болу керек? Сонда өзіңе көп алып қоясың ба? Бәрі сенікі деп ойлайсың ба? - деп өз-өзіме сұрақ қоямын. Сол үшін қыздар қанша ұнаса да, артынан барып, өтірік сүймесең де, ұнап қалдың, кездесейік та деп айта алмаймын. Өйткені баяғыда сүйгенім бар, ол әлі қиялымда өмір сүреді", - дейді Әбдіжаппар.

Әншінің айтуына қарағанда, бұл дүниеге Жүсіп пайғамбардан (а.с) асқан сұлу адам келмеген. Әйткенмен сұлу болмаса да, ол өзін сымбатты серілердің қатарына қосады. 

"Құдайға шүкір, әдемімін ғой. Әр қазақ әдемі, әр жігіт әдемі. Мен әдемімін, сымбаттымын. Мұрын, қас, көз деген Құдайға шүкір. Бәрі түрікке ұқсатады. 

Қыздар осыған сынады демеймін ғой. Түріме сенімді болып әр қызға тиісе бермеймін.

Жүсіп пайғамбардан (а.с.) кейін ешқандай сұлу адам келмейді деген. Бәріміздің бір жерімізде кемтігіміз бар. Мінсіз адам жоқ. Я көзіміз қысыңқы, я бетімізде безеу болады. Яғни біз әдеміміз, бірақ сұлу емеспіз. Пайғамбарлардан кейін сұлумыз деп айтуға болмайды", - дейді әнші. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін