Жарияланды: 990

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Әбдіжаппар Әлқожа жеке өмірін жасыруға тырысып баққанымен, әпкесі Роза оның отбасы туралы бар шындықты айтқан еді. Роза Әлқожаның айтуынша, Әбдіжаппар осыдан үш жыл бұрын шаңырақ көтерген. Бүгінде екі ұл бала тәрбиелеп отыр.

Бұл орайда Әбдіжаппар 31-арнаның “Айта берсін” бағдарламасында не себепті әйелін жасырып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Екі бала сүйсе де, әлі күнге дейін неке жүзігін тақпай жүрген әнші бұл сұраққа қатысты мардымды жауап бере алмады. Есесіне жеке өміріне қатысты сұрақтардың нүктесін қойды.

“Жоқ, мен Қайрат сияқты әйелімді әшкере қып, кейіннен кино шығарып, ондай ойым жоқ. Әркімнің өзіне берілген мамандығы болады. Әйел адамның өнерге қабілеті жоқ болса, үйде кірін жуып, нанын істеп, бала-шағасын қарап отырсын, күйеуін күтсін. Ер адам әнші болса, түзде, сапарда жүрсін. Әркімнің өз міндеті бар. Мен әнші емес адамды жаныма шығарып, “менің әйелім, осынша балам” деп шығарғым жоқ. Ертең балаларым әнші емес, ақын болатын шығар. Әр балада әрқалай ғой. Сондықтан да отбасымды таныстырып, жүргім келмейді”, – дейді Әлқожа.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть