Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева әлем чемпионатында сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева әлем чемпионатында сынға түседі

Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева әлем чемпионатында сынға түседі

Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева бастаған бұрымды балуандарымыз әлем чемпионатына қатысады

  • 13 Мамыр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдо күресінен әлем чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасының құрамы анықталды. 19 мамыр күні, Абу-Даби қаласында басталатын байрақты бәсекеге әйелдер құрамасының жеті спортшысы сынға түседі. 48 келіде Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева өнер көрсетсе, Бақыт Құсақбаева 57 келіде сынға түседі. 63 келіде Эсмигуль Куюлова, 70 келіде Екатерина Токареваға сенім артылған. Ал 78 келіде Аруна Жангелдина белдессе, аса ауыр салмақта Камила Берліқаш бағын сынайды. 

Айта кетейік, Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына әлемнің 103 мемлекетінен 627 балуан қатысады деп жоспарланған. 627 қатысушының 323-і ерлер болса, 304-і әйелдер болмақ