Абхазия Минскі мен Астанадан республика егемендігін мойындауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абхазия Минскі мен Астанадан республика егемендігін мойындауды сұрады

Абхазия Минскі мен Астанадан республика егемендігін мойындауды сұрады

Абхазия президентінің міндетін атқарушы Валерий Бганба Қазақстан мен Белоруссия басшыларынан республика тәуелсіздігін мойындауды сұрады.

  • 22 Тамыз 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz


Ол қос мемлекет басшыларына жолдаған хатында Абхазияның тәуелсіз ел екенін және ел егемендігін Никарагуа, Венесуэла мен Науру мойындағанын атап өткен.

«Біз, Ресей федерациясы, Беларусь республикасы мен Қазақстан республикасы арасындағы ықпалдастық барысын бақылап отырмыз. Және РФ, Беларусь пен Қазақстан Абхазияның ықпалдастық процестеріне үлес қосуға деген талпынысын дұрыс бағалап, болашақта біздің еліміз де Еуразиялық одақ құрылысына қатысуға мүмкіндік алады деп үміттенеміз», — делінген хатта.