Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Әбу Дабидің тақ мұрагері Қазақстанның гүлденуі мен дамуына бағытталған ауқымды реформалардың табыспен іске асырылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру шараларын талқылап, аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.