Абу-Даби Плазаның 62 құрылысшысын далада қалдырмаймыз — Астана әкімдігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абу-Даби Плазаның 62 құрылысшысын далада қалдырмаймыз — Астана әкімдігі

Абу-Даби Плазаның 62 құрылысшысын далада қалдырмаймыз — Астана әкімдігі

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов Абу-Даби Плаза құрылыс нысаны төңірегіндегі мәселеге байланысты пікір білдірді

  • 6 Ақпан 2018
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Бұл жерде мәселе «Арабтекте» емес. Ол қосалқы мердігерлік компанияларға уақытында жұмыс көлемі аяқталғанын хабарлап тұрады. Оларда жұмыс көлемі бойынша келісімшарт бар. Ал қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерді «жұмыс көлемі аяқталды, келісімшартқа қолыңды қой» деп шақырады. Олар штаттан тыс қызметкерлер болғандықтан, 51-бап бойынша бір, екі ай бұрын қысқартулар болатыны ескертілмейді. Ал 62 адам жұмыс көлемі аяқталған соң қол қоюдан бас тартады. Олармен кеше кездестік. Арыздары мен сұрақтарын толық алып, қажетті жерлерге жолдадық», — деді ол.

Оның айтуынша, нысан құрылысы аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 2 865 шетелдік Қазақстаннан кетті.

«Бәрібір де адамдар қысқарады. Құрылыс жұмыстарын 7-8 мың адам бастаса, оларға қазір істейтін жұмыс жоқ. Тек іштегі жұмыс қалды. Соңғы жұмыстарды аяқтау үшін ерекше маман болуы керек. Қазірдің өзінде 1 165 қазақстандық маман жұмыс істеп жатыр. Оларға жұмыс бар. Маман болса, сертификаты болса сөз жоқ, жұмыс істей берсін. Ғимарат алдарыңызда тұр, ол бір күні бәрібір бітеді. Тезірек бітсін дегеніміз, ертең азаматтар ішіне кіреді, сауда жүреді. Көптеген жұмыс орны ашылады», — деді Ермек Оспанов.

«62 адамның еңбек шарты бойынша өтемақы сұрауы дұрыс па?» деген журналист сұрағына Ермек Оспан былай деп жауап берді.

«Заң бойынша өтемақы төленбейді. Біз «Арабтек» басшыларымен сөйлесіп, келісіп отырмыз. Бұл бірақ нақты емес. Олардың құжаттарын, қалай жұмысқа кіргендерін көрген жоқпыз. Келісімшартты қарастыруымыз керек. Далада қалған 62 азаматқа компенсация берілсін деп келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Азаматтарды жерде қалдырмаймыз. Комиссия құрылды. Қолымыздан келгенше көмектесеміз», — деді ол.


Оның айтуынша, қазақстандық жұмысшылар шетелдіктерден аз жалақы алмайды.

«Жалақы көлемін әр қосалқы мердігерлік компания белгілейді. Себебі бұл жұмыс көлемі мен мамандардың біліктілігі мен қызметіне байланысты. Қазақстандық жұмысшылар шетелдіктерден аз жалақы алмайды. Сеніңіздер», — деді ол.

Оның сөзінше, Абу-Даби Плазада жұмысшыларды қысқарту алдағы уақытта жалғасады.

«Бізде жұмысты аяқтау кестесі бар. Бұл 2019 жылдың көктемі. Біліктілігі аз жұмысшыларды қысқарту болады. Жоғары технологияға бейімделген мамандар келеді», — деді ол.

Ал жұмыссыз қалған азаматтарға басқа жұмыстар қарастырылады.

«Біраз нысандар қожайынсыз қалып кетті. Сол нысандарды салып бітіретін арнайы мекеме құрылды. Бұл жұмысшылар сол жерге орналасатын болады», — деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар